Майқайыңда техногендік төтенше жағдай жарияланды

Майқайыңда техногендік төтенше жағдай жарияланды
Фото: Massaget.kz

Майқайыңдағы жағдайға байланысты жедел штабтың отырысы өтіп, Майқайың аумағында техногендік төтенше жағдай жариялау жөнінде шешім қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір оқиға орнында жерде жұмыстар жалғасуда. Барлығы 119 адам және 48 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылған. Мамандар құбырдың әрбір учаскесінде қатып қалу мен ауаның болуын тексеріп жатыр. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізіліп жатыр.

Фото: massaget.kz

Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмірмен және ағаш шпалдар жағып жылытып жатыр.
Майқайың кентіне су төмен қысымда беріліп жатыр. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі 250 м3 құрайды. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар. Резервуар тұрақты түрде толтырылып жатыр. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған. Техногендік төтенше жағдай сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары толық жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады.

Е. Базарқұл

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz