Мамандар ақуызды тым көп тұтынудың денсаулыққа қаупін атады

АҚШ-тағы Питтсбург университетінің медицина мектебінің зерттеушілері ақуызды тым көп тұтыну атеросклероздың даму қаупін арттыратынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақуыз құрамындағы лейцин аминқышқылынан теріде түйіршектер пайда болып, артерияны тым қатты ету арқылы патологиялық процестердің дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл Nature Metabolism журналында жарияланған зерттеудің нәтижесі. Зерттеу барысында ақуыз күнделікті калория мөлшерінің 22 пайызынан асатын болса, атеросклеротикалық түйіршіктің пайда болуында әсер ететін иммундық жасушалардың белсендірілуінің жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін екенін көрсетті.

Сонымен қатар, ағзадағы ақуыздың артық мөлшері "жасуша қалдықтарын" шығаруға жауап беретін макрофагтарға теріс әсер етуі мүмкін.

Ақуызға бай тағамдарды көбірек тұтынуға деген ұмтылыстың салдары тамыр қабырғаларында макрофагтардың жиналуы және атеросклеротикалық түйіршіктердің пайда болуы ықтимал.

Оған қоса, сиыр еті, жұмыртқа және сүт сияқты жануарлардан алынатын өнімдерде кездесетін лейцин аминқышқылы макрофагтардың қалыптан тыс белсенділігін тудырады.

Айта кетейік, бұған дейін ағзаға ақуыз жетіспейтінін білдіретін 8 белгінің қандай екені хабарланған болатын. 

  • Ісіну;
  • Жараның ұзақ жазылуы;
  • Шаш, тырнақ пен тері ;
  • Әлсіздік пен шаршаңқылық;
  • Көп тамақ жеу;
  • Зейін қою қабілеті төмендейді;
  • Иммунитеттің әлсіреуі;
  • Көңіл күйдің жылдам өзгеруі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз айында қанша күн демаламыз?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз