Сарыағаштық әйел мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлап кеткен

Сарыағаштық әйел мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлап кеткен
Фото: Түркістан облысы ПД

Сарыағашта 51 жастағы әйел ұсталды. Ол мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияға мешіт қызметкерлері хабарлаған.

"Аудан тұрғыны түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келген. Содан іште төсеулі тұрған екі бірдей кілемді үптеп кеткен. Полицейлер күдікті әйелден қолды болған айғақты заттарды тәркіледі", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы