Астана әуежайында өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

Астана әуежайында өрт шығып, адамдар эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Астана әуежайында өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

27 ақпанда сағат 8.03-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қабанбай батыр даңғылы, 119 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыру бойынша шықты.

112-ге Астана қаласындағы халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін шығып, эвакуация жүргізілген.

"Бірінші қабатта Т-1 және Т-2 терминалдары арасында электр қалқанында 15 шаршы метр аумақта электр кабелі жанған. Өрт сағат 08.24-те өрт жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.

Сағат 8.24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр аумақта электр кабельдері жанған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова