Бір жыл бұрын Түркияда болған жер сілкінісі: үйлерді салған мердігер 18 жылға сотталды

Бір жыл бұрын Түркияда болған жер сілкінісі: үйлерді салған мердігер 18 жылға сотталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Былтыр 6 ақпанда Кахраманмарашта болған жер сілкінісі салдарынан қираған ғимаратқа қатысты кінәлілерге шешім шығарылды. 34 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған көпқабатты үйдің мердігері 18 жыл 1 ай 15 күнге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aa.com.tr-ға cілтеме жасап. 

Сот отырысына қамауға алынған мердігер Муслум Демирердің адвокаттары мен жәбірленуші тараптардың адвокаттары қатысқан.

Прокурор қорытындысында айыпталушы көппәтерлі үй салу кезінде қолданыстағы стандарттарға сәйкес өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамағаны анықталғанын және кінәлі деп танылғанын мәлімдеді. Алғашында оған 21 жыл тағайындалғанымен, осы ғимаратта ұлы қайтыс болғанына байланысты жаза жеңілдетілген.

Еске салайық, былтыр 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. 45 мыңнан аса адам осы апаттың құрбаны болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова