"Шаршап кеттім". Мирас Жүгінісов оқырмандарына ерекше жаңалығын айтты

"Шаршап кеттім". Мирас Жүгінісов оқырмандарына ерекше жаңалығын айтты
Фото: Әлуеметтік желідегі парақшасынан алынды

Әнші Мирас Жүгінісов Астана қаласынан Алматыға қоныс аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі REVUE NEWS бағдарламасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Алматыға көшу әншіге ыңғайлы болған.

"Алматы - шығармашылықтың алаңы. Сондықтан мен үшін ыңғайлы. Астанада көп тұрдым. Ол жақта өзіңмен-өзің жүресің. Астанада жалғыз жүріп, шаршап кеттім. Ортаң әртүрлі болуы мүмкін, көбінесе кәсіпкерлермен араласасың", - деді Мирас Жүгінісов.

Сонымен қатар өнер иесі шығармашылыққа мықтап кіріскенін айтты.

"Жаңа әндер шығады. Жақында бейнебаян түсірдім. Дайын болып қалды. Бейнебаяннан бөлек концерт ұйымдастырамыз. Тұрар Ыдырыспен бірігіп, Қазақстан бойынша тур жасаймыз", - деді Мирас Жүгінісов. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы