Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 ақпанда Қостанай, Қызылорда облыстарында тұман түседі.

Түркістан облысында көктайғақ, тұман, екпінді жел болады.

Абай облысында қарлы боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-18 м/с, қатты аяз 42 градусқа жетеді.

Семей, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа райы қолайсыздығының екінші дәрежелі ескертуі күшінде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы