- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Осындай күйге түстім"....
"Осындай күйге түстім". Егіз баласын 20 жыл бұрын жоғалтып алған қарағандылық ана елден көмек сұрады
Бахитгүл Салдатхан "Бармысың, бауырым?" хабарына 2004 жылы туған егіз баласын іздеп келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Хабар" редакциясына алдын-ала хат жолдаған Бахитгүл заңсыз жолмен Мәди мен Мәдина есімді балаларынан айрылғанын айтты. Балалар 2004 жылы мамыр айында дүниеге келген.
Бахитгүл Салдатхан 1992 жылы Моңғолиядан Қарағандыға көшіп келген. Көшіп-қонып жүргенде келіншек құжаттарын жоғалтып алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Мен Мәди мен Мәдинамды іздеймін. 20 жыл болды. Ешқандай заң білмегендіктен осы күйге түстім. Екі баламды тауып беруге көмектесіңіздер", - дейді ол.
Қарағандыда егіз баласын босанған кезде ананың ешқандай жағдайы болмаған. Кейіннен бір кісі көмектесіп, балаларды уақытша қалдыруға болатын қоныс тауып берген. Кейіннен Бақытгүлді сыртынан аналық құқығынан айырған сот шешімі шыққан.
"Қазақстан, елім, жерім деп келгенде, орыс тілін білмегендіктен осындай күйге түстім. Екі баламнан айырылып қалдым. Мен сендерді қатты сағындым. Абылай деген ағаларың бар. Менің ешқандай кінәм жоқ. Тыңдап отырсаңдар хабарласыңдаршы", - дейді Бахитгүл Салдатхан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы