"Тексеруге ешкім келмейді". Министр тауарларды өте қымбат сататын дүкендер туралы айтты

"Тексеруге ешкім келмейді". Министр тауарларды өте қымбат сататын дүкендер туралы айтты
Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов үйдің жанындағы дүкендердің тауарларға үстемені асыра қосу деректері қалай анықталатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үлкен деректерге талдау жасау арқылы, яғни цифрлық жолмен іске асырылады. Бұған дейін фискалдық органдар мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізген ауқымды цифрландыру елеулі әсер етеді", - деді бірінші вице-министр Сенат кулуарында.

Тимур Жақсылықов түбіртектер мен шот-фактураларға талдау жасалатынын жеткізді.

"Осының негізінде қандай сауда субъектісінің үстемені асыра қосып жатқаны белгілі болады. Тексеруге ешкім келмейді. Мұның бәрі автоматты түрде жиналады. Жүйе оны есептеп анықтайды", - деді ол.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz