"Махаббаттан жолы болмаған адаммын". Наркенже Серікбаева марқұм жолдасы туралы жан сырын ақтарды

"Махаббаттан жолы болмаған адаммын". Наркенже Серікбаева марқұм жолдасы туралы жан сырын ақтарды
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Наркенже Серікбаева марқұм жолдасы туралы "Пікір Like" youtube-арнасына берген сұхбатында жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі махаббаттан жолы болмағанын ашып айтты.

"Қайғылы жағдайдан соң ішімде алпауыт күш пайда болды. Оны ешкімге айтып жеткізе алмаймын. Қандай сынақ болса да шыдаймын деп жүретін едім. Жолдасымның өлімі маған оңайға соққан жоқ. Қазір ішімде алай-дүлей. Жылауға уақытым жоқ. Бүгін бар адам - ертең жоқ. Сондықтан бәріне де үлгергім келеді. Махаббат жолым болды дей алмаймын. Оны жасырып не істейін. Қанша рет Меккеге барып келіп жатырмын. Бәрібір Алладан күдерімді үзбеймін. Шүкір, халықтың махаббаты шексіз. Аман-есен жүргенім халықтың батасының арқасы деп ойлаймын", - деді ол

Оның айтуынша, жолдасы өмірінен кетіп қалады деген қорқыныш бұрыннан жүрегінде орын алған.

"Негізі бір әншіден "әнді айтқанда абайлап айту керек, тағдырыңа айналады" дегенді естігенмін. 100 пайыз тағдырыма айналды ғой. Өйткені "енді айырылсам, білмеймін, айта алмаймын, мына жүрек шыдарын-шыдамасын" деген жолдары бар еді ғой. Сөйтсем, жүрек шыдайды екен. Осы жолын айтар кезде Хамит тірі кезде де көзіме жас келетін. Білмеймін, менде Хамит кетіп қалады деген қорқыныш болды. Себебі ол кісінің алғашқы жары емеспін. Бірақ бұрынғы жарынан айырып алып тимедім. Сонда да қорқыныш болды. Жүрегімде өзім бірінші кетіп қалатын сияқты қорқыныш болды. Жолда көп жүреміз ғой. Тағдырдың жазуымен, бірінші ол кісі өмірден өтті", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы