100-ге жуық қазақстандық шетелде еңбек құлдығында отыр - СІМ

100-ге жуық қазақстандық шетелде еңбек құлдығында отыр - СІМ
Фото: Depositphotos

Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде қанша Қазақстан азаматының құлдықта жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы 2 жылда Таиландпен шекарада орналасқан Мьянма, Лоаста 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскен.

"Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лоас аумағында 28 қазақстандық құлдықтан шығарылды. Сондай-ақ 60-қа жуық Қазақстан азаматы елшілікке жүгінбей өз күшімен елге оралды. Қазір жоғарыда аталған елдің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында отыр деген ақпарат бар", - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық азаматша Таиландтағы джунглиде құлдықта болғаны хабарланған еді. 

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz