Маңғыстау облысында қалың қарға батқан автокөлік иесі із-түзсіз жоғалып кеткен

Маңғыстау облысында қалың қарға батқан автокөлік иесі із-түзсіз жоғалып кеткен
Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облысының Жетібай-Жаңаөзен бағытының 66 шақырымында автокөлігі қарға батып, өзі жоғалып кеткен көлік иесі табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 ақпанда сағат таңертеңгі 08:25 шамасында "Тасболат Ойл Корпорэйшн" ЖШС мекемесінен солтүстік-батысы бағытында бір ер азаматтың автокөлігі қарға батып қалып, өзі белгісіз бағытқа қарай жүріп, жоғалып кеткен.

"Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық құтқару қызметкерлері іздестіру жұмыстары барысында түскі сағат 12:30-да көліктен 14 шақырым жерге ұзап кеткен С. есімді азаматты тапты. Азамат 1964 жылы туған. Көлік иесі оқиғадан соң аман-сау өз үйіне оралған", - делінген хабарламада.

Жетібай-Жаңаөзен тас жолының 35 шақырымында қарға батып қалған "TоyotaHilux" маркалы автокөлігіне құтқарушылар қызметі көмек көрсетіп, көлікті қар құрсауынан шығарған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы