Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару мәселесі қайтадан қарастырылады

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару мәселесі қайтадан қарастырылады
Фото: Massaget.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға қандай жағдай жасалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі вице-премьерге " Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы неліктен нәтиже бермеді?" деп сұрақ қойды.

"Қазір оңтүстіктен солтүстікке көшіргенде ең негізді мәселе ретінде жұмыс орындарының болуына назар аударып отырмыз. Екіншіден, баспанамен қамтамасыз етуді де қарастырып жатырмыз. Әрине, біз ойғандай үлкен көш болмағанымен, қоныс аударған адамдар жұмыспен әрі баспанамен қамтамасыз етіліп, табысты болуы керек", - дейді Тамара Дүйсенова.

Ол Үкімет сағатында депутаттардың біраз ұсыныс бергенін, сол бойынша тиісті қадамдар жасалатынын атап өтті.

"Қазір солтүстік өңірлерде жұмыс орындарын көптеп ашуға, бұл өңірлерде ауқымды жобаларға екпін қойылып отыр. Жұмыс орындары арқылы ғана азаматтарды тарта аламыз. Оңтүстік өңірлердегі жұмыссыздарды солтүстік облыстарға тек қоныс аудартқаннан проблема шешілмейді ғой?! Сондықтан экономикалық тұрғыда Үкіметте бұл мәселені тағы пысықтаймыз", - деді вице-премьер.

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz