Семейде сауда үйінен өрт шықты

Семейде сауда үйінен өрт шықты
Фото: Polisia.kz

Семейде сауда үйінен өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Семейде Шоқан Уәлиханов көшесіндегі "Бирюса" сауда үйі өртенді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аспалы төбеден шыққан өрт 426 шаршы метрді жалмағанын анықтады.

18 кәсіпкер эвакуацияланды.

Сауда үйін полиция қызметкерлері қоршап алды. Өртсөндірушілер өртті жою бойынша қажет шараларды жүргізіп жатыр. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек