Атырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады

Атырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады
Фото: Видео кадры

Атырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 14 ақпан күні №2 "Ақсұңқар" бөбекжай-бақшасында болған. Желі қолданушыларымен бірге ата-аналардың ашуын туғызған видеода әйелдердің бір-бірімен рюмка түйістіріп, арақ ішіп отырғандары анық көрінеді.

Атырау қаласы маңындағы Көкарна ауылындағы балабақшада орын алған жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр.

Артынша Желіде жарияланған бейнежазба ескі, 2023 жылдың күз айында болғаны анықталды. Сол уақытта қалалық білім бөлімі тарапынан қатаң сөгіс берілген.

Видеодағы әйел адамдар балабақшаның еден жуушылары. "Теріс әрекет көрсеткен әйел адамдар педагогтар емес" деп түсінік берді Атырау қалалық білім бөлімі. 

Баян Жанұзақова

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz