Қызылордада шаштараздан өрт шықты

Қызылордада шаштараздан өрт шықты
Фото: ТЖД

Қызылордада шаштараз ғимараты өртеніп, 40 шақты адам эвакуацияланды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

18 ақпан күні облыс орталығындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараздан өрт шыққан.

"Баспалдақ арқылы 40 адам эвакуацияланды, оның 11-і — бала. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Өрт шыққан аумақта департаменттің 30 шақты қызметкері мен 10-ға жуық техникасы жұмыс істеді.

Назерке Саниязова

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы