Астанада өртенген көпқабатты тұрғын үйден әйелдің мәйіті табылды

Астанада өртенген көпқабатты тұрғын үйден әйелдің мәйіті табылды
Фото: depositphotos.com

Астанада сағат 15:48-де Ақбұлақ-3 ш/а үйдің 4-қабатындағы пәтердің 20 шаршы метрі өртенген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт толықтай сағат 16:26-да сөндірілді.

"Пәтерден әйелдің мәйіті табылды. Жергілікті жерде ТЖД-ның 13 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

Мамандар өрттің себебін анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы