"Уақыт көрсетеді". Шавкат Рахмонов спорттық мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты

"Уақыт көрсетеді". Шавкат Рахмонов спорттық мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов спортты қандай жағдайда тастап кететіні туралы Айдос Ербосынұлының Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, кез келген жекпе-жекке бар "жеңілемін" деген мақсатпен шығады.

"Жекпе-жекке жай төбелесіп, жеңілемін деген оймен шықпаймын. Бар күшімді көрсетемін. Сол үшін жеңіске жетіп жатырмын деп ойлаймын. Егер осындай ойым болмаса, мен шықпаймын. Мотивациям жоғалса, мінез жағынан басқаша ойлайтын болсам, спортты тастап кетемін. Мен жекпе-жекке шығып, біреулерден таяқ жеп жүретін адам емеспін. Намысым жібермейді", – деді Шавкат Рахмонов.

Жекпе-жек шебері спорттық мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын атап өтті.

"Кәсіппен айналысқан дұрыс қой. Өзіңе-өзің бастық боласың. Ал мемлекеттік қызметке менің сабырым жетпейтін сияқты. Бірақ уақыт көрсетеді. Жақсы ұсыныс болса, күшім жететіндей немесе пайдам тиетіндей жұмыс болса жасаймын", – деді Шавкат Рахмонов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы