- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Куркуманы кімдерге жеуге...
Куркуманы кімдерге жеуге болмайды?
Дәмдеуіштер - асүйдің ажырамас бөлігі. Себебі олар тағамдарға ерекше дәм береді. Алайда оларды бағалы ететін тек дәмі емес. Пайдалы дәмдеуіштердің бірі – куркума. Бұл сары дәмдеуіш тамақты әдемі түске бояп қана қоймай, оны денсаулыққа пайдалы етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куркума үнді және азиялық асүйлерде кең қолданылады. Бұл дәмдеуіш оның құрамындағы куркуминнің арқасында өте пайдалы.
Қабынуға қарсы әсер. Куркумин ағзадағы қабынуды басады, бұл созылмалы аурулармен және қабыну процестерімен күресу кезінде маңызды.
Жүрек саулығын сақтау. Куркумин қандағы "жаман" холестерин деңгейін түсіруге көмектеседі және жүрек-қан тамырлар ауруларының қаупін азайтады.
Миға пайдалы. Куркумин когнитивті функцияларды жақсарта алады және Альцгеймер секілді нейродегенеративті аурулардың даму қаупін азайтады.
Антисептикалық әсер. Куркумин антисептикалық және микробтарға қарсы әсерге ие. Сондықтан ол жараларды және жұқпаларды емдеу кезінде пайдалы.
Алайда кез келген өнімге секілді куркумаға да қарсы көрсетілім бар.
Куркуманы кімдерге жеуге болмайды?
Қандай да бір жағымсыз салдарларды болдырмас үшін мамандар оны тәулігіне 3 грамнан артық жемеуге кеңес береді. Ал кей адамдарға оны мүлдем жеуге болмайды.
Әсіресе, куркуманы аллергиясы бар адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге және балаларға беруді ұсынбайды.
Сондай-ақ бұл дәмдеуішке мынадай қарсы көрсетілімдер бар:
- Инсульттан кейінгі жағдай;
- Өт жолдары аурулары;
- Гипертония;
- Асқазақ-ішек жолдарының жедел аурулары;
- Бүйрек немесе ұйқы безінің қабыну процестері;
- Гепатит;
- Гастрит;
- Асқазан жарасы;
- Глаукома;
- Қант диабетінен дәрі ішетін адамдар.
Оқи отырыңыз: Кез келген асүйге қажет 10 дәмдеуіш
А. Жапатова