- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде балабақша өртенді...
Семейде балабақша өртенді

Фото: Massaget.kz
Семейде орталықта Павлов көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше кешкі сағат 17:37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 18.05-те оқшауланды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.
Қалалық білім бөлімі дүйсенбіден бастап тәрбиеленушілер жақын маңдағы мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылатындығын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы