Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды: ер адам үйінді астында қалды

Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды: ер адам үйінді астында қалды
Фото: ТЖМ

Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды.
Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты", - делінген хабарламада.

ТЖД күшімен үйінді астынан ер адам шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді. 24 адам және 6 техника жұмылдырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы