Ақтауда мұнай қалдықтары сақталған 63 метрлік мұнара өртеніп, опырылып құлады

Ақтауда мұнай қалдықтары сақталған 63 метрлік мұнара өртеніп, опырылып құлады
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтаудың өндірістік аймағында мұнай-химия қалдықтары сақталған 63 метрлік мұнара өрт салдарынан опырылып құлады. Оқиғаның видеосын жергілікті тұрғындар жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұма, 16 ақпан күні сағат 11:55-те Маңғыстау индустриалды паркі аумағында диаметрі бес метр мұнара өртенді. Өртенген аумақ шамамен 60 шаршы метр болады.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен алты техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)

Оқиғаға қатысты "Маңғыстау индустриалды паркі" ЖШС түсінік берді. Компания өрттің дәнекерлеу жұмыстары кезінде шыққанын хабарлады. Сондай-ақ, мұнарада бұрын химиялық қалдықтар болған, бірақ қазір ол "бағаннан шығарылып, жойылды" делінген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан