Елдің тоғыз өңіріндегі тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Елдің тоғыз өңіріндегі тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Tengrinews.kz

16 ақпан сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің тоғыз өңіріндегі тас жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы - 4 826 шақырым.

Абай облысында ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда, қалың қар мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты жалпы ұзындығы 1422 шақырым болатын 4 автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеулер қойылды. Шектеу барлық автокөліктерге қатысты.

  • "Семей – Қалбатау – Бұғаз";
  • "Таскескен – Бақты";
  • "Қалбатау – Таскескен – Жетісу облысының шекарасы";
  • "Семей – Қайнар".

Қардың қалың түсуіне байланысты Алматы облысында және көршілес Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы ұзындығы 635 шақырым болатын 3 тас жолда қозғалыс шектелген:

  • "Жаңақұрылыс – Жамбыл облысының шекарасы";
  • "Алматау турбазасына кіреберіс аймақ";
  • "Ақы алу пункті - Жетісу облысының шекарасы"; "Шелек – Көкпек";
  • "Аласа – Кеген – Нарынқол".

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының -40°С-қа дейін төмендеуіне байланысты барлық бағыт бойынша жалпы ұзындығы 1 238 шақырым болатын өңірдегі автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Шектеу дизельді және қоғамдық көлік түрлеріне қолданылады.

Жамбыл облысында қардың қалың түсуіне байланысты Кенен және Қайнар ауылдарының арасындағы ұзындығы 79 шақырым болатын автомобиль жолында қозғалысқа шектеу енгізілді. Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты жалпы ұзындығы 71 шақырым болатын Алматы облысы мен Қордай ауылының шекарасы арасындағы учаскеде жүк және қоғамдық автокөліктер үшін қозғалыс шектеу енгізілді.

Жетісу облысында боранға, жолдарда көріністің болмауына және ауа райының қолайсыздығына байланысты, сондай-ақ, Абай облысындағы шектеулерге қатысты жалпы ұзындығы 671 шақырым болатын 4 тас жолда қозғалысқа шектеу енгізілді. Шектеулер төмендегі бағыттарға қатысты қойылды:

  • "Көктума – Достық";
  • "Алматы облысының шекарасы – Ақы алу пункті";
  • "Алтынемел Асуы";
  • "Алматы облысының шекарасы – Үшарал – Абай облысының шекарасы".

Қостанай облысында Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі ұзындығы 83 шақырым болатын тас жолда автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған учаске жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында боран мен көріністің болмауына байланысты Возвышенка және Рощинское ауылдарының арасындағы жалпы ұзындығы 163 шақырым болатын автомобиль жолында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысы шектелген.

Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда, боран мен жолдың көрінбеуіне болмауына байланысты Ұлытау ауылы мен Қостанай облысының шекарасы арасындағы ұзындығы 115 шақырым болатын жолда қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызға ие тас жолдарды күтіп ұстауға 704 бірлік арнайы техника мен 1438 қызметкер жұмылдырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан