Шымкентте досының көлігін "көшірген" тұрғын жауапкершілікке тартылды

Шымкентте досының көлігін "көшірген" тұрғын жауапкершілікке тартылды
Фото: Видео кадры

Шымкентте ЖБО камералары "егіз" көлікті анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бейнебақылау инспекторлары қала жолдарында бірдей нөмір таққан екі Toyota Camry байқады. Оларды ұстап, мән-жайды анықтау үшін патрульдік полиция экипаждары бағытталды.

Жүргізушілер бір-бірін жақсы танитын достар болып шықты. Досының көлігін көшірген 37 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның темір тұлпары айыптұраққа қамалды.

Құқықбұзушы тек көлігінен емес, жүргізуші куәлігінен де айырылды. Жалған нөмірлі машинаны тізгіндегені үшін енді ер адамның бір жыл бойы көлік басқаруға құқығы жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек