Абай облысында 29 әйел мен бала боранда қалып қойған

Фото: Видео кадры

Желіде Абай облысы Көкпекті ауданында боранда қалған адамдардың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Арнайы техника мен полицияның қызметтік машиналары трассада тұрып қалған адамдарға әлі жете алмады.

Сағат 13:15-те МИ-8 тікұшағындағы құтқарушылар Қалбатау ауылына 29 әйел мен баланы, эвакуациялады.

Жарма ауданының әкімдігі "Жол болсын" кафесінде жылыту пунктін ұйымдастырды. Сағат 13:20-да ТЖМ тікұшағы екінші рейске кетті.

Көкпекті ауданындағы боранға байланысты қонуды жүзеге асыру мүмкін емес. Полицейлер басқа жүргізушілермен бірге колоннада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек