Аңдаусызда басып кеткен: Ақмола облысында балабақшаға келген кішкентай қыз мерт болды

Аңдаусызда басып кеткен: Ақмола облысында балабақшаға келген кішкентай қыз мерт болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында екі жасар қыз көлік астына түсіп, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Ақмол ауылында болған. Ата-ана әдеттегідей таңертең ертесімен "Шаңырақ" балабақшасына екі жастағы қызын алып келген. Анасы қызымен балабақшаға шығып кеткенде әкесі көлікті аздап кейін жылжытып қоймақ болады. Бірақ әлі өтіп үлгермеген балақай көлік дөңгелегінің астында қалады.

Қазіргі уақытта оқиғаның қалай болғанын куәгерлер талқылап жатыр. Өкінішке қарай, қызды аман алып қалу мүмкін болмаған. Бала жедел жәрдем көлігінде мерт болды.

Өкініштісі сол аңдаусызда өзінің туған қызының өліміне себепкер болды. Қазір кәмелет жасына толмаған бүлдіршіннің өлімімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz