Қарағанды облысында мал іздеуге шығып, адасып кеткен ер адам тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысында 14 ақпанда жоғалып кеткен адамды іздеуге тікұшақ көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған адамды іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы көтерілді.

16 ақпанда сағат 00:25 бастап Нұра ауданы Кенжарық ауылындағы қыстақтан 60 шақырым жерде Қарағанды облысы ТЖД күштері мен туыстары 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп адасып қалған ер адамды іздестіріп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина