"Жаным ашып кетті ғой". Танымал актер Жүсіп Ақшора келініне пранк жасады

Фото: instagram.com/dinara_sailaubaikyzy/

Танымал актер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жүсіп Ақшораға келіні пранк жасап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Енді актердің өзі де келініне пранк жасап, жауап қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүсіп Ақшораның пранк жасағанын келіні Желідегі парақшасында жариялады.

Пранк кезінде актер келініне дауыс көтеріп, ұрысып тастайды, бұған келіні тіпті жылап қалады.

"Жауап қатты болды.
Пікірге: камера терезеден көрініп тұр ғой деген жандарға, мен оны мүлдем байқамадым, атамның ұрысқанына шок болып… ол сіздерге анық байқалып тұр ғой тікесінен и жақындатып түсірген соң… Егер шынында байқап қойғанымда менде ойнатып жіберер едім, бірақ мен шын сеніп қалдым", - деп жазған актердің келіні.

Бұған Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. 

"Жауап керек емес, ойынна от шығып кетер, өзіңіздің баяғы өміріңізді түсіріп жүре беріңізші. Пранк болса да, өзіме қатты тиіп кетті. Көңіл деген жаман ғой, пранк пранк деп арты тоқтамай, шын ренжісіп жүрмеңіздер",  "Пранк екенін біліп отырсам да, ұрысқанда біртүрлі болып қалдым ғо", "Әзілің жараса, Атаңмен ойна" - деуші еді, мұнда "Әзілің жараса, келінмен ойна" жақсы кетті", "Мәәә пранк екенін біліп отырсам да, келінге жаным ашып кетті". "Жүсіп аға бірақ пранк өтті", "Мен жылағым келіп кетті", "Бұлай қиын пранк екен", "Жаным-ау жүрегім ауырып кетті ғой… шынымды айтайын, соңында да күле алмадым жүрегім ауырғаннан. Бірақ құданың соңындағы биі", "Күшті жауап болыпты", - деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін "Қайын атаның қадірі кеткен заман-ай". Танымал актер Жүсіп Ақшораның келіні елді шошытқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: 40 жас туған күнге ер адамға арналған тілектер

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә