"Ескі Қазақстан". ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзды

"Ескі Қазақстан". ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзды

"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments компаниясымен келісімшарт бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания электронды темір жол билетін сатумен айналысқан.

"Бүгінде (Әлия Назарбаеваға тиесілі компаниямен) келісімшарт бұзылды", - деді Нұрлан Сауранбаев Сенатты жалпы отырысынан соң.

ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов ақпаратты толықтырды.

"Былтыр 1 желтоқсанда Instant Payments компаниясымен келісімшарт бұзылған. Қазір конкурстық негізде "Мобильный портал" ЖШС жұмыс істеп жатыр. Олар электронды темір жол билетін сатумен айналысады. Біз оларға сатылған әрбір билет үшін 29 теңге төлейміз", - деді орынбасар.

Әнуар Ахметжанов аталған компания құрамында "Ескі Қазақстанның" ықпалды адамдары жоқ екенін атап өтті.

"Бұл – жеке компания. Оның иесі кім екенін реестрден тексере аласыз. Жаңа компания басшылығында «Ескі Қазақстандағы» танымал фамилиялар жоқ", - деді ол.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz