"Мемлекет тарапынан тексеріс қажет". Меруерт Түсіпбаева ҚазҰУ-дағы пәк студенттердің тізіміне қатысты пікір білдірді

"Мемлекет тарапынан тексеріс қажет". Меруерт Түсіпбаева ҚазҰУ-дағы пәк студенттердің тізіміне қатысты пікір білдірді
Фото: фотоколлаж

Әнші Меруерт Түсіпбаева ҚазҰУ-дағы қыздардың пәктігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жариялады. 

"Жақында ғана, қазақтың қыздары, қазақтың әйелдерінің өмірі неге сонша күрделі деп разбор жасап едім….. Менің постымнан кейін, мінекей - тағы бір тосынсый. Аталмыш ВУЗ-дың әкімшілігі қанша ақталып, осы мәселені жылы жауып, мәймөңкелегенімен (?!), бұл тізімнің жарыққа шығуында, бұның астарында бір шикілік бар-ау….Оны ақымақ болмасаңыз - аңғарасыз…. Сонымен, бұл ТІЗІМ кімге керек болды екееееен?!Ау! Жаңа ғана өмірін бастап жатқан жауқазын қыздардың жеке шекарасын бұзғанша, білім деңгейін ойламайсыздар ма?! Бәрін қатырып тастап, енді қазақ қызының арын таптайтын осы тізім қалып па еді?! Ұят!! Куда мы катимся?! Северная Корея демалсын! Қыздарымыздың көрпесін көтергенше - сапалы білім беріңіздер! Неге қазақтардың басым бөлігі балаларын шетелде оқытады?! Бұл қылмысты жылы жаппай, мемлекет тарапынан тексеріс қажет", - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Айта кетейік, бұл жағдайға байланысты өз пікірін білдірген тек Меруерт Түсіпбаева емес. Сондай-ақ, актриса Баян Алагөзованың экс-келіні Жарқын-ай Ханайым "жігіттердің де тізімін жасау керек" - деп осы мәселеге шүйліккен еді. Ол туралы мына сілтемеге өтіп оқи аласыз. 

Еске салайық, бұған дейін Telegram-арналардың бірінде әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттерінің медициналық жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.

Тараған ақпаратта студенттердің аты-жөні, ЖСН, байланыс нөмірлерінен бөлек, кейбір медициналық қорытындылар да жазылған.

Университет әкімшілігі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы