СҚО-да жүздеген гектар орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмей қойған

СҚО-да жүздеген гектар орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмей қойған
Фото: gov.kz

Талдау шеңберінде Орман кодексінің талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі СҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

Оның ішінде орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерді елемеуінен, оның ішінде 534 га аумақта ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбеуінен, сондай-ақ ағаш жіберуді орындамағандықтарынан көруге болады.

Орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары осы шарттық міндеттемелердің орындалуына тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін шаралар қабылдамаған.

Тағы бір жағдайда облыстың орман шаруашылықтары (Аққайың, Булаев, Есіл, Пресновка, Жамбыл, Орлиногорск, Мамлют) Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына қайшы, жеке тұлғаларға ағаш сатуға орман билеттерін заңда белгіленген нормадан жоғары көлемде берген.

Қадағалау органының актісі бойынша орман шаруашылықтарының 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 11 млн.теңге көлемінде ормандарды молықтыру төлемі өндірілді, сондай-ақ әзірленген кешенді жоспар аясында жіберілген бұзушылықтарды жою шаралары қабылданып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина