Азамат Сатыбалды режиссер Қуаныш Бейсекті "Қазақфильмге" неліктен шақырғанын түсіндірді

Азамат Сатыбалды режиссер Қуаныш Бейсекті "Қазақфильмге" неліктен шақырғанын түсіндірді
Фото: Massaget.kz коллажы

Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында режиссер Қуаныш Бейсекті "Қазақфильмге" неліктен шақырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "Қазақфильмге" Қуаныш Бейсектің атағы да, ақылы да керек болған.

"Жасыратыны жоқ, бізге Қуаныштың атағы да, ақылы да керек болды. Мен "Қазақфильмнің" сыртын да, ішін де креативті, табысты, позитивті адамдарға толтырғым келеді. Өйткені, байқасаңыз, "Қазақфильмнің" төңірегінде соңғы жылдары өмірге өкпесі бар, өнерде жолы болмаған, тек құса беретін адамдар жиналып алған. Олар тас лақтыра береді, жылай береді, ол бұл негатив "Қазақфильмге" бәрібір де әсерін тигізеді. Сондықтан да, тәуекел мен уайым деген нәрсе бар, тұңғиыққа түсесің де кетесің, ал тәуекел желқайық. Біз қашанғы қайғырып, өткенді айтып жамандай береміз? Одан да барымызды жинап, алға қарай қадам жасайық деп арнайы өзім Кукаға шықтым. Онымен екі келіссөз жүргізіп, оны көндірдім. Кука көнді, келісті. Ол келсе, "Қазақфильмнің" шығармашылық өсу бағыты айқындалады", - деп жауап берді Азамат Сатыбалды. 

Айта кетейік, бұған дейін "Ирина Кайратовна"-дан" "Қазақфильмге" дейін: режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке тағайындалғаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Механикалық қозғалыстың қандай түрлері болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә