Қостанай облысында екі адам қар құрсауында қалған

Қостанай облысында екі адам қар құрсауында қалған
Фото: ТЖМ

Қостанай облысында қар құрсауынан екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқару жұмыстарына қатысқан құтқарушылар: Тимур Нұғыманов, Игорь Шрайнер және Жәнібек Мәкенов - Қостанай облысы ТЖД Сарыкөл ауданының 23-ӨСБ қызметкерлері.

Сарыкөл кентінен Новый кентіне қарай шамамен 40 км жерде құтқарушылар қар құрсауында кептеліп қалған автокөлікті шығарып, 2 адамды құтқарды.

Құтқарылғандар тұрғылықты жері Новое ауылына эвакуацияланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина