Қызылордада жоғалып кеткен бала Шымкентте пәтерден табылды

Қызылордада жоғалып кеткен бала Шымкентте пәтерден табылды
Фото: instagram

Қызылордада жоғалып кеткен жеткіншек Шымкентте пәтерден табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысында хабар ошарсыз кеткен 15 жастағы жеткіншекті Шымкент ҚПД қызметкерлерінің жедел шаралар қабылдау нәтижесінде мегаполистегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды.

Шиелі ауданы полиция бөліміне ұлдарының үйінін шығып кетіп, қайта оралмағаны бойынша ата-анасы арызданған.

Шағым бойынша барлық полиция басқармаларына бағытнама берілген. Нәтижесінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкі қызметкерлері қала аумағында орналасқан бейнебақылау камераларының барлығын шолып шықты. Әлеуметтік желіге салған стористері арқылы бала болуы мүмкін деген жерлер, аулалар, сауда орындары тексерілді.

Іздеу шараларының нәтижесінде, 9 сынып оқушысы қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Бала жақындарымен жанжалдасып қалған. Кейін үйден кетіп, Түркістан қаласы арқылы Шымкентке келген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина