Қазақстанның сегіз облысында жол жабылды

Қазақстанның сегіз облысында жол жабылды
Фото: Tengrinews.kz

13 ақпан сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына байланысты сегіз облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 28 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • Ақмола облысында - 4 учаске (227 шақырым);
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске (933 шақырым);
  • Атырау облысында – 1 учаске (16 шақырым);
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске (180 шақырым);
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым);
  • Қостанай облысында - 5 учаске (535 шақырым);
  • Қызылорда облысында - 1 учаске (120 шақырым);
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 9 учаске (1036 шақырым);

Республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 367 бірлік техника және 480 жолшы жұмылдырылды

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан