"Іші қанға толған". Алматыда үш автобус соқтығысқан жерде қазіргі жағдай қандай?

"Іші қанға толған". Алматыда үш автобус соқтығысқан жерде қазіргі жағдай қандай?
Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Бүгін 09.00-да Алматыда үш автобус соқтығысып, салдарынан бірнеше адам зардап шеккен болатын. Massaget.kz тілшісі оқиға орнында не болып жатқанын баяндайды.

Оқиға бүгін сағат 09.00-де болған. №54 автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып алдында келе жатқан №133 автобусқа және "Нексиа" маркалы автокөлігіне соқтығысқан. 


Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Ал №133 автобус инерция бойынша №88 автобусқа соқтығысқан.

Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Полиция мәліметінше, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Ал бұл зардап шеккен "Нексиа" көлігі. 

Фото: Massaget.kz

Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі. 

Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Автобустың іші қан. 


Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Оқиғаны Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр. 


Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Автобустың алдынғы терезесінің сау-тамтығы қалмаған. 


Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Басқа мән-жайлар анықталып жатыр. 


Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы