- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Зауыттың шөбін қыратынбыз"....
"Зауыттың шөбін қыратынбыз". Әнші Нұрболат Қанай өнер жолына қалай келгенін айтып берді
Танымал әнші Нұрболат Қанай "Жарқын жүздесу" бағдарламасына берген сұхбатында өнер жолына қалай келгенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, оның үлкен сахнаға шығуына Дастан Оразбековтің қосқан үлесі зор.
"Дәл осы сахнада КВН ойнап бастадық. Мен әннен бұрын, Жайдарман ойнап бастаған едім. Ең алғаш үлкен сахнаға 8-9 сыгып оқитын кезімде Шымкентте Жайдарманның туған күнінде шықтым. Жайдарман тарихында ең жас жүлдегермін, мүны көпшілік біле бермейді. Осы кезде 8-9 оқып жүріп Тұрсынбек Қабатов, Нұрлан Қоянбаев, Марат, Кеша секілді КВН ойнайтын ағаларымызбен жарысып жүрдім. Ол уақытта дауыс бар болғандықтан, сәлемдесу мен қоштасу кезеңінде ән айтатын едім.
Кәсіби ән айтуға 2013 жылы кірістім. "Орда" тобындағы Дастан Оразбеков ағамыздың шәкіртімін. Ол кезде мен "Тенгиз" зауытында жұмыс істейтінмін, шамамен 18-19 жастамын. Зауыттың шөбін қыратынбыз.
"Құлсары" КВН командасының капитаны Ыбырай Парасат ағамыз менің ән айтатынымды білетін. Сөйтіп ол маған "біз Алматыда топ құрып жатырмыз, Дастан аға сенің дауысыңды ұнатты, кел" деп шақырды. Мұны естіп жартты сағаттай ойланып жүрдім. Ойланып, бастығыма барып "айып етпеңіз, мен жұмыстан шығымын" дедім. Заттарымды жинап, ауылға қайта келіп, ата-анама "мен Алматыға кетіп бара жатырмын, әйгілі Дастан Оразбеков мені өзі шақырды ғой" деп, олардың батасын алып жолға шықтым. Менің кәсіби ән саласына үлкен сапарым сол жерден басталды", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Ауыр дерттен қайтыс болды". Әнші Нұрболат Қанай өміріндегі өкінішін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңздар: Иттер неше жыл өмір сүреді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә