- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "ДНҚ тапсырса деген...
"ДНҚ тапсырса деген өтінішім бар". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласы әйелдерге үндеу жасады
Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Ал бүгін ол Желідегі парақшасында қазақ әйелдеріне өтініш жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәнібек өзінің ауысып кеткенін қабылдау қиынға соғып жатқанын жасырмады.
"Сәлем, достар.
Мен туған жеріме Қазақстанға барғаннан кейін жергілікті медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Бірақ, мен шынымен ауысып кеткен сияқтымын. Маған бұл ойды қабылдаудың өзі қиын. Өйткені мені емес, басқа баланы асырап алуы керек еді. Мен жақында биологиялық анамды табамын деп үміттенемін. Арқалық полиция басқармасы перзентхана мен балалар үйінде қылмыстық іс бойынша жұмыс істеп жатыр. Менімен жасты ұлы бар әйелдің бәрі ДНҚ тапсырса деген өтінішім бар. Маған қолдау көрсеткендіріңіз үшін рақмет, жаңалық болса, айтып отырамын", - дейді ол видеода.
Сонымен қатар, ол видеода көрсетілген суреттің қашан, қайда түсірілгені туралы айтты.
"Құрметті әкелер, аналар, ұлдар мен қыздар!
Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін.
Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді.Видеодағы суретім 2003-2004 жылдары түсірілген болса керек, бұл Арқалықтан алған алғашқы фото. Бұл фото мені асырап алуға қатысты ресми құжаттарда пайдаланылған.
Сіздерге де сәттілік тілеймін, кездескенше", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "Толқып тұрмын". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласы қуанышты жаңалығын жеткізгені хабарланған болатын..
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ хандығы құрылғаннан кейін мемлекет билеушілерінің алдында қандай міндеттер тұрды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә