Енді медицина қызметкерлерін соққыға жыққандар сотталуы мүмкін

Енді медицина қызметкерлерін соққыға жыққандар сотталуы мүмкін
Фото: Tengrinews,kz / Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін соққыға жыққан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін норманы заңға енгізуге ниетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау дерегі жиілеген.

"Денсаулық сақтау министрлігі қызметтегі адамдарға қарсы жасалған мұндай іс-әрекеттер адамгершілікке жат және заңсыз деп санайды. Сондықтан министрлік заң шығару саласындағы құралдарды пайдаланып, медициналық персоналдың құқығын қорғауға ниетті. Ведомство қызмет барысында медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекске жеке норманы енгізуге қайта бастамашылық жасайды", - деп жазылған ДСМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұсынылған нормалар Қылмыстық кодексте олардың кәсіби міндетін құрметтеудің маңызын көрсетіп, медициналық персоналдың құқығын едәуір қорғауды көздейді.

Жақын арада дайындалған заңнамалық түзетулер құқық қорғау және мүдделі органдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобында талқылауға ұсынылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz