Ақтаудағы тұрғын үйлердің жертөлесінде улы өрмекшілер қаптаған

Ақтаудағы тұрғын үйлердің жертөлесінде улы өрмекшілер қаптаған
Фото: Lada.kz

Ақтаудағы тұрғын үйлердің жертөлесінде улы өрмекшілер қаптаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы тұрғындар Lada.kz басылымына айтып берген. Қаладағы 13-шағынаудандағы тұрғын үйдің жертөлесінде қарақұрттар пайда болған. 

Фото: Lada.kz

"Қарақұрт әлемде улы өрмекшінің бірі екені белгілі. Олардың тұрғын үйде жүруі адам өмірі зиян болуы мүмкін. Қазір қарақұрттар жертөледе қалай пайда болғаны және олардың саны қанша екені белгісіз. Мамандар араласып, тексерсе екен дейміз", - дейді тұрғын. 

Фото: Lada.kz

Тұрғындар күн жылыса өрмекшілер үйге кіріп кете ме деп қауіптеніп отыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина