Зайсан көшелерін еріген су басты

Зайсан көшелерін еріген су басты
Фото: Видеодан алынған кадр

Ауа райының күрт жылуына байланысты Зайсанда қар қарқынды еріп, таудағы еріген мұз бен қардың салдарынан елді-мекеннің кейбір көшелері су астында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зайсан ауданы әкімдігінің мәліметінше, билік жағдайды бақылауда ұстау үшін қолдан келген амалды жатап жатыр.

"Аудан әкімдігі, ТЖБ бөлімі, Sauyr Construct ЖШС," СМУ-Шығыс "ЖШС, "СК" Зайсан " ЖШС, шекара басқармасының күштері және Зайсан әкімдігінің қызметкерлері жұмысқа тартылды. Тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы саны - 80 адам, техника - 10 бірлік. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары барлық бағыт бойынша ашық. Жылу, су және энергиямен жабдықтаудың апаттық тоқтауы болған жоқ. Табиғи-техногендік сипаттағы ТЖ туралы хабарлама түскен жоқ", - деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Оразаны не бұзады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә