Павлодар облысында 19 жастағы қыз әкесіне шара қолдануды сұрап сотқа жүгінді

Павлодар облысында 19 жастағы қыз әкесіне шара қолдануды сұрап сотқа жүгінді
Фото: Tengrinews.kz

19 жастағы қыз әкесінен жоғары оқу ақысын төлеуді талап етіп, сотқа жүгінді. Студент шағымында әкесі 21 жасқа дейін қаржылай көмектесуге міндетті екенін көрсеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Успен аудандық сотына сілтеме жасап.

Жауапкердің 19 жастағы қызы сотқа шағым түсіріп, соттан 21 жасқа толғанға дейін әкесінен алимент өндіруді сұраған.

"Қыз университетте күндізгі формада оқиды, осыған байланысты материалдық қолдау қажет.  Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен істі тоқтату туралы өтініш білдіріп, сотқа медиативтік келісімді ұсынды, оның шарттары бойынша қызы талап қоюдан бас тартады, ал әкесі оған оқу уақытында көмектесуге міндеттенеді", - делінген сот шешімінде.

Сот медиативтік келісімді бекітті, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан