Қостанай облысында жол шетінде кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті: оқиғаның видеосы

Қостанай облысында жол жиегінде кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті. Жол апаты видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" баслымына сілтеме жасап.

Оқиға облыс орталығындағы Гагарин мен Заводская көшелерінде болған. Сол маңда орнатылған бақылау камерасына жол-көлік оқиғасы түсіп қалған. Видео чаттарда тарап жатыр.

Кадрларға қарағанда жол қиылысында тоқтаған көлікті айналып өтпек болған жүргізуші маневр жасар алдында қауіпсіздікке көз жеткізбегені байқалады. Салдарынан артта келе жатқан үшінші көлік соқтығысудан қашып, жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргізушіні қағып кетеді.

видео кадры

Қарабалық аудандық полиция бөлімі сот-медициналық сараптама тағайындалып, әйелдің дене жарақатының дәрежесі анықталатынын хабарлады. Соның негізінде аталған факт бойынша процессуалдық шешім шығарылады.