Экономиканың дамуына не кедергі? Сарапшы жауап берді

Экономиканың дамуына не кедергі? Сарапшы жауап берді
Фото: SöZ Astana Public Talk

DESHT талдау орталығының басшысы, экономист Қуаныш Жайықов Қазақстан экономикасының дамуын тежеп отырған негізгі аспектілерді атады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, олар төмендегідей:

  1. Ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз мәліметтер. Мысалы, "алыпсатарлар", "несие берушілер", "кәсіпкерлер" және тағы басқа туралы жағымсыз ақпараттар.
  2. Мемлекеттік органдардың жаппай "шабуылға" шығуы. Мысалы, апта сайын шектеуі бар нормативтік-құқықтық актілердің (НҚА) жариялануы, мемлекеттік органдардың бассыздығынан қорғанудың мүмкін болмауы.
  3. Мемлекеттің қаржы секторына, саудаға (даму институттары мен операторлар), менеджментке (холдингтер мен ұлттық компаниялар), цифрлық платформаларға және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға тікелей араласуы.

Сарапшы бұл проблемалардан қандай қорытынды шығаруға болатынына тоқталды.

"Қазақстанның экономикалық жетістіктері 1980-жылдардың басындағы "әлемдік толқынның" салдары болса, онда жанама көрсеткіштерге сәйкес шынайы нарықты әлі қалыптастыру керек.

"Үйкеліс күшін" азайтуға барынша басымдық беру қажет. Алайда "делдалдарға" тиісуге болмайды. Себебі, экономикалық либерализация оларға бірінші әсер етуі керек. "Тромбтың жарылуы өлімге әкеледі", - деді Қуаныш Жайықов SöZ Astana Public Talk пікірталас алаңында.

Сондай-ақ экономист елімізде цифрлық платформаларды дамыту маңызды екенін атап өтті.

"Олар (экономикада) бәсекелестік туғызады, Қазақстан бойынша бағаны үйлестіреді және жаңа мықты ойыншылардың пайда болуын ынталандырады. Сонымен қатар экономикалық "серпіліс" үшін ірі корпорациялар керек. Бұл – нарықтағы проблемаларға жауап, яғни жасанды монополия мен деконцентрация болса, даму болмайды. Бұдан кейін "ойын ережесі", БАҚ-тың рөлі сынды институциональды мәселелер ашық күйінде қалады", - деді DESHT талдау орталығының басшысы.

Айта кетейік, елордада SöZ Astana Public Talk пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Онда DESHT талдау орталығының басшысы, экономист Қуаныш Жайықовпен қатар ресейлік танымал профессор Наталья Зубаревич "Қазақстан 2024: өсу нүктелері мен перспективалары" тақырыбында сөз сөйледі.

Ресейлік ғалым Сенат жанындағы Талдау мектебінің шақыртуымен Қазақстанға келді.

Аяз Есен

А. Жапатова