Алматыда ер адам эмоцияға беріліп, call-орталық қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен

Алматыда ер адам  эмоцияға беріліп, call-орталық қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда жүк тасушы болып жұмыс істеп жүрген түркістандық қылмыстық қудалауға тап болды. Бәрі ер адамның ұялы телефонында интернет сапасы нашар болып кеткеннен басталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 ақпанда Алматыда полицияға Теле2 call-орталық қызметкері хабарласып, белгісіз біреу жарылыс жасайтынын айтып, қызметкерлерді өлтіретінін айтып қорқытқан. Жедел-іздестіру шараларының барысында Түркістан облысының тумасы ұсталған. 

Ер адам жұмысқа келген кезде телефонында интернет сапасы нашар екенін хабарлаған. Осылайша ер адам call-орталыққа хабарласып, интернет сапасына шағымданған. Оператор тарифті қайтадан қосып, 4000 теңге көлемінде төлем жасауы керегін айтқан. 

"Абонент эмоцияға беріліп, балағат сөздер айта бастаған. Артынша ер адам ол кезде не айтқаны есінде жоғын жеткізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина