Отбасылық жанжал, психикалық ауытқу: балаларын өлтірген әйелге қатысты жаңа деректер айтылып жатыр

Отбасылық жанжал, психикалық ауытқу: балаларын өлтірген әйелге қатысты жаңа деректер айтылып жатыр

Түркістанда екі баласын өз қолымен өлтірген қызылордалық әйелге және оның балаларына қатысты жаңа деректер мен болжамдар айтылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Otyrar.kz-тің мәліметінше, күдікті әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №46 мектеп-лицейінде тәрбиеші болып жұмыс істеген және оның психикалық ауытқуы болуы мүмкін. Алайда бұл тараған екі ақпаратты да Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов "ҚазАқпарат" агенттігіне берген сұхбатында жоққа шығарған. 

Ол жұбайымен отбасылық жанжалдан кейін, қайғылы оқиға болған Түркістандағы Отырар шағынауданында екі тәулікке пәтер жалдағаны айтылды. Ал өз анасының қолынан қаза тапты делінген ұл бала 2019 жылы, ал қыз бала 2020 жылы туған деген дерек бар.

Ал КТК телеарнасы әйел өз туған күнінде балаларын өлтіргенін хабарлады.

Еске салайық, 7 ақпанда Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылғаны хабарланды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді. 

Кейінірек балаларды өлтірді деген күдікті өз анасы деген деректер шықты, ол Шымкентте жүргенде ұсталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан