Астананың төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

Астананың төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады
Фото: Tengrinews.kz

Астананың төтенше жағдайлар департаменті боран мен желдің күшеюіне байланысты тұрғындар мен қонақтарға қаладан тыс жерге шықпауды ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Астана да 9 ақпанда боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс, батыстан соғатын жел екпіні 8 ақпан кешке, түнде секундына 15-20, 23-28 метрге дейін жетеді, ал 9 ақпанда таңертең секундына 30 метрге жетеді және одан да көп болады.

"8 ақпан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша екпінді желге байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін Астанадан барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді. Тұрғындар мен қонақтардан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласуға болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан