Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелді

Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелді
Фото: Тengrinews.kz

Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының бас санитар дәрігері осындай қаулы шығарған. 7 ақпаннан бастап Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты міндетті түрде бетперде кию режимі және басқа да алдын алу шаралары енгізілген. 

Жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

"Осыған орай, Мәжілістегі іс-шараларға қатысатын журналистерден шектеулер ресми түрде жойылмайынша жоғарыда аталған шараларды сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кірер кезде өзіңізбен бірге медициналық маскалар алып келуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырып алды. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина