- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Балаларды өлтіретінін туыстарына...
"Балаларды өлтіретінін туыстарына хабарлаған": Түркістандағы жантүршігер жайт туралы тың дерек шықты
7 ақпанда Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылған еді. Бала құқықтары жөніндегі өкіл Динара Зәкиева осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл жайтты әйел туыстарына хабарлаған.
"Екі баланы өз анасы өлтірген. Иманды болсын! Періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, жалдамалы пәтер алған. Кейін туыстарына балаларды өлтіргелі жатқанын хабарлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ол.
Еске салайық, 7 ақпанда Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылғаны хабарланды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді.
Кейінірек балаларды өлтірді деген күдікті өз анасы деген деректер шықты. Ол Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы N46 мектеп-лицейінің мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген. Мұны Шиелі аудандық білім бөлімі растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова