- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда жалдамалы пәтерден...
Түркістанда жалдамалы пәтерден екі кішкентай бала өлі табылды
Фото:
Tengrinews.kz
7 ақпан күні Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер балалардың анасын, Қызылорда облысының тұрғынын іздестіріп жатыр.
Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің мәліметінше, күдікті құрбысына балаларының өлгенін және олардың мекенжайын айтқан.
"Істің тергеуі менің жеке бақылауымда", - деді облыстық полиция басшысы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан